01
октябрь
2021
Құрметті Ақтанберді ұжымы және барша ұстаздар!!!
Құрметті Ақтанберді ұжымы және барша ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі үлгілі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!!!🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹Білім нәрін шәкіртіне сіңірген,
Бірге жылап, бірге күліп жүгірген.
Құттықтаймын, Ақтанберді ұжымы,
Төл мереке- ұстаздардың күнімен!
Осы жолда қанаттарың талмасын,
Асқақтатып ұрпағыңның арнасын.
Өздеріңіз ірге тасын қалаған
Жастарыңыз болашақты жалғасын!🌹🌹