18
февраль
2021
"Ақтанберді атындағы орта мектеп-бақшасы"КММ Қайырымды істер марафоны
"Ақтанберді атындағы орта мектеп-бақшасы"КММ-де ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай "Қайырымды істер марафоны" жалпы ұлттық жобасы акциясы аясында осы марафонға сәйкес "Қайырымды күн" акциясын аға тәлімгер А.С. Жылқайдарованың бастауымен "Жас Ұлан" ұйымының Тимур командасы мүшелері ауылымыздың құрметті,жалғыз басты Туктыбаева Зейнеш апамыздың
үйіне барып, ауласын қардан тазалап "Шебер қолдар" қыздар клубы анамызға өздерінің қолдарынан жасаған сыйлығын сыйлады. Мектебіміздің 2007 оқу жылы бітірген түлегі А.Серікбаевна анамызға өзінің сыйлығын табыс етті. Оқушылардың бойына үлкенді сыйлау,қамқорлық таныту қасиеттерін дамыту үшін, қамқорлық көрсету және көмек беру қайырымды істер марафоны өз жалғасын табуда.
#ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ
#МАРАФОНДОБРЫХДЕЛ
@upr_obrazovaniya_vko@bilim_bolimi_urjar