15
март
2024
"Ақтанберді атындағы орта мектеп- бақшасы" КММ-не ауыл әкімі А. Қожаев жолдама сертификатын табыстады.
"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей тапсырмасымен 2022 жылдың қаңтар айында құрылды. Екі жылда еліміздің барлық өңірлерінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, білім беру және спорт салаларында 91млрд. теңге көлемінде 80-нен астам қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды іске асырды. Білім беру саласында негізгі жобалар болып "Ауыл өңірлеріндегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру" сияқты жобалар бар. Бұл жобалардың ішінде "Жаздық жолдама" жобасы да ерекше орын алып отыр. Былтыр "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қаржылық қолдауымен 19754 оқушы толыққанды жаздық демалысқа қол жеткізіп, жаңа эмоцияларға бөленіп, білімге, тәжірибеге, дамушы ойындар мен саяхаттарға қол жеткізіп, жаңа достарға ие болды.
Қор Оқу ағарту министрлігі, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен биыл маусым айынан бастап 5-8 сыныптың 20 мың оқушысын жаздық демалыс лагерьлерге жіберуді жоспарлап қойды. Біздің ауданға 150 жолдама, біздің мектепке 1 жолдама тиесілі болды. 15 наурыз күні "Ақтанберді атындағы орта мектеп- бақшасы" КММ-не ауыл әкімі А. Қожаев жолдама сертификатын табыстады.https://www.instagram.com/p/C4h0ViMI5Jp/?igsh=MTZwMWh2NmZ5djdqcA==