21
февраль
2024
"Ақтанберді атындағы орта мектеп-бақшасы" КММ-нің 5-11 сыныптар арасынан 24 оқушы Ғабиден Құлахметов атындағы шәкіртақыларын алды.
2023-2024 оқу жылының ІІ тоқсан білім нәтижесінде Абай облысы Үржар ауданы "Ақтанберді атындағы орта мектеп-бақшасы" КММ-нің 5-11 сыныптар арасынан 24 оқушы Ғабиден Құлахметов атындағы шәкіртақыларын алды.Шәкіртақы демеушісі: MED365 ЖШС-нің құрылтайшысы Кулахметов Шыңғыс Зейнель-Ғабиденұлына мектептің оқу озаттары үлкен ризашылықтарын білдіріп, жүрек жарды тілектерін айтты. Олар өз сөздерінде алдағы уақытта да мектептің үмітін ақтап оқуда озат болатындарын айтты. Мектеп ұжымы атынын демеуші Кулахметов Шыңғыс Зейнель-Ғабиденұлына үлкен алғысымызды білдіреміз. Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы-білімді оқушыларымыздың саны арта берсін.